Жаңалықтар архивы

14 қараша, 2023
319

Ақтөбе облысында орналастыруға жоспарланған, белгіленген жиынтық қуаты 100 МВт ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық қорытындылары

1 Фото

2023 жылғы 14 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін ЖЭК Жел энергетикалық станцияларының жобаларын іріктеу бойынша жиынтық белгіленген қуаты 100 МВт аукциондық сауда саттық өтті.

ҚР Энергетика министрлігі бекіткен ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 11 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 15 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 450 МВт құрады.

Өтінімдердің баға ауқымының 22.68-ден 13.49 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендеуі байқалады. ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша шекті аукциондық бағадан бағаның төмендеуі – 41% құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «Аргест» ЖШС компания жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукциондық бағасы 13.49 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) анықталды. Жобаны Ақтөбе облысында орналастыру жоспарлануда.

Байқаушылар ретінде келесі өкілдер қатысты: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК Қауымдастығы ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ, ЕҚДБ. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын атап өтті.

Келесі аукцион 2023 жылғы 15 қарашаға белгіленген жиынтық қуаты 50 МВт жел энергетикалық станцияларының жобаларын іріктеу бойынша тағайындалды.