Жаңалықтар архивы
ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу күнін ауыстыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ!
«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушыларды Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатымен сауда-саттықты өткізуді ауыстыру туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің хаты негізінде ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу күні 2023 жылғы 17 қарашадан:
2023 жылғы 21 қарашада сағат 10:00-ден (Астана қ. уақыты бойынша) «Солтүстік-Оңтүстік» электр беру желісінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өзгеріссіз қалады - 2023 жылғы 20 қараша:
- сағат 10:00-ден (Астана қ. уақыты бойынша) ҚР БЭЖ Батыс аймағы Маңғыстау Энергия торабына қарай электр беру желісінің өткізу қабілетін ескере отырып, Маңғыстау облысы бойынша;
- сағат 16:00-ден (Астана қ. уақыты бойынша) Батыс Қазақстан Энерго торабына қарай электр беру желісінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша бірлескен сауда-саттық.
Барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 982-941, 982-942