Жаңалықтар архивы
Маңғыстау облысы ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда саттық өткізілді
2023 жылғы 20 қараша сағат 10:00-ден бастап «ЭҚРҚО» АҚ сауда алаңында Маңғыстау энергия торабына қарай өткізу қабілетін ескере отырып, Маңғыстау облысы ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілді.
Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «ЭҚРҚО» АҚ-ға келесі бастапқы параметрлерді ұсынды:
- ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатына болжамды сұраныс – 532.4 МВт;
- Маңғыстау Энергия торабына қарай электр беру желілерінің өткізу қабілеттілігінің көлемі – 50 МВт құрайды.
Сауда жүйесіндегі электр қуаты бағасының негізсіз өсуін шектеу үшін «Электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке шекті тарифтерді бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі №465 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Энергетика министрінің 2023 жылғы 23 қазандағы №376 бұйрығымен бекітілген айына 1 065 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) сомасында электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке шекті тариф пайдаланылды.
Электр қуатымен орталықтандырылған сауда саттыққа 5 энергия өндіруші ұйым қатысты.
Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша сатылған қуаттың жалпы көлемі 532.4 МВт құрады, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша – 483.4 МВт, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша – 49 МВт құрады. Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны - 3. Электр қуаты орталықтандырылған сауда-саттықтың қорытындысы бойынша орташа өлшенген баға айына 1 064.3 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда жүйесіне берілген энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдерінің жиынтық көлемі 651 МВт құрады.
Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықта байқаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілі қатысты.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда саттығының нәтижелерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады