Жаңалықтар архивы

21 қараша, 2023
371

ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілді

1 Фото

2023 жылғы 21 қарашада «ЭҚРҚО» АҚ сауда алаңында «Солтүстік-Оңтүстік» өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілді.

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «ЭҚРҚО» АҚ-ға келесі бастапқы параметрлерді ұсынды:

  • ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатына болжамды сұраныс – 6 738.2 МВт, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 5 011 МВт, ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша – 1 727.2 МВт;
  • ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілеттілігінің көлемі – 1 100 МВт.

«Электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі №465 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Энергетика министрінің 2023 жылғы 23 қазандағы №376 бұйрығымен бекітілген сауда жүйесінде электр қуаты бағасының негізсіз өсуін шектеу үшін айына 1 065 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) сомасында электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке шекті тариф пайдаланылды.

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда саттыққа 22 энергия өндіруші ұйым қатысты.

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша сатылған қуаттың жиынтық көлемі – 6 738.2 МВт, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 5 011 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша – 1 727.2 МВт құрады. Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны – 22.  Электр қуаты орталықтандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша орташа өлшенген баға айына 1 057.96 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда жүйесіне берілген энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдерінің жиынтық көлемі 8 068 МВт құрады.

Электр қуатының дайындығын қолдау бойынша қызметтің іске асырылмаған көлемі 1 329.8 МВт құрады.

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда саттығының нәтижелерімен мына сілтеме  арқылы танысуға болады.