Жаңалықтар архивы

30 қараша, 2023
484

БиоЭС құрылысына ЖЭК бойынша аукцион өткізілмеді деп жарияланды

1 Фото

2023 жылғы 30 қарашада өткен жиынтық белгіленген қуаты 10 МВт БиоЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукцион өткізілмеді деп танылды.

Сауда сессиясының нәтижелері бойынша аукциондық сауда саттыққа қатысуға 3 компания жіберілді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан мәлімделген қуаттың жиынтық көлемі 10.6 МВт құрады, бұл ретте баламалы арақатынастағы қаржылық қамтамасыз етудің жиынтық көлемі мәлімделген көлемнің 130%-дан аспады. Осыған байланысты, Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 51-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып (сатуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдердің белгіленген қуатының жиынтық көлемі 130%-дан кем жағдайда) аукциондық сауда-саттық өткізілмейді деп танылды.

 

Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталмаған.

 

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында байқаушылар ретінде «KAZENERGY» ЗТБ, «ECOJER» Қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ және БҰҰДБ өкілдері қатысты.

Айта кетсек, ҚР Энергетика министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы №187 бұйрығымен бекітілген 2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу Кестесіне сәйкес 2023 жылы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың белгіленген қуаттылықтарының жалпы көлемі 860 МВт құрады, олардың ішінде: КЭС - 100 МВт, ЖЭС - 500 МВт, ГЭС - 250 МВт, БиоЭС - 10 МВт.

2023 жылғы аукциондар үшін келесі шекті аукциондық бағалар белгіленді:

ГЭС – 41.23 тг/кВтч;

ЖЭС – 22.68 тг/кВтч;

КЭС – 34.61 тг/кВтч;

БиоЭС – 32.23 тг/кВтч.

Барлығы 16 аукцион жоспарланған болатын: 3 – шағын жобалар бойынша, 13 – ірі жобалар бойынша. Аукциондар штаттық режимде өткізілді, бұл ретте 2 аукцион қатысушылардың жеткіліксіз санының (ірі ГЭС, шағын БиоЭС) себебінен өткізілмеді деп танылды, оның ішінде ірі ГЭС бойынша аукцион қайта өткізілді және өткізілді деп танылды.

2023 жылғы ЖЭК бойынша аукциондық сауда саттықтың қорытындысы жөніндегі жобалар бойынша аукциондық бағаның барынша төмендеуі: КЭС – 59.86%, ГЭС – 57.5%, ЖЭС – 54.23%, БиоЭС – өткізілмеген деп танылды. Тұтастай алғанда, бұл аукциондар бағаның төмендеуін қамтамасыз ететінін және ЖЭК нысандарынан электр энергиясының нарықтық бағасын анықтауға мүмкіндік беретінін растайтын жақсы нәтиже.