Жаңалықтар архивы
2024 жылғы 17 қаңтарда «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ негізінде NURORDA мектеп-лицейінің бітіруші сынып оқушылары үшін «Ашық есік күні» өткізілді.
Қонақтарды Стратегия және даму жөніндегі Басқарушы директор Алексей Доронин қарсы алды. Ол экскурсия өткізді, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен таныстырды және Компания қызметінің негізгі бағыттары туралы айтты.
Экскурсия барысында Нарықты және сауда жүйесін дамыту жөніндегі Басқарушы директор Ержан Мәдиев түлектерге Қазақстанның электр энергетикасы саласы, электр энергиясы нарығының жұмыс істеуі жөнінде талқылады. Сондай-ақ, қонақтарға компания тарихы туралы қысқаша бейнетаспа көрсетілді.
Сондай-ақ, электр Энергиясының теңгерімдеуші нарығы департаментінің директоры Ақнұр Шағырбаева қонақтарды электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмысының жаңа моделімен және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді орталықтандырылған сатып алу-сатуды жүзеге асыратын электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын есептеу орталығының функцияларымен таныстырды.
Іс-шараның соңғы кезеңі жедел қолдау секторына экскурсия болды, онда балаларды сауда жүйесімен, операторлардың жұмысымен таныстырды және Қазақстанның бірыңғай энергожүйесінің картасын көрнекі түрде көрсетті.
Экскурсия барысында қонақтар қызықтырған сұрақтарын қойды. Экскурсант Мәди өз пікірімен бөлісті: «Экскурсияға өте ризамын, Қазақстанда және шетелде электр энергиясының саудасы мен қозғалысы туралы көптеген жаңа ақпаратпен таныстым. Болашақта ақпарат маған пайдалы болатынына сенімдімін, өйткені мен оқытуды таңдаған инженер-электрик мамандығы электр энергиясымен тікелей».
Оқушылар үшін «Ашық есік күнін» өткізудің бұл тәжірибесі - әлеуметтік, кәсіптік-бағдарлау іс-шарасының бөлігі болып табылады. Бұл болашақта мамандық таңдау кезінде жауапкершілік, мамандыққа деген сұраныс және саладағы жұмыс туралы түсінік қалыптастыруға көмектеседі.