Жаңалықтар архивы

02 ақпан, 2024
466

Өнеркәсіптік пайдалану: Энергетиканың цифрлық платформасы әзірленіп жатыр

2 Фото
2 Фото

2024 жылғы 1 ақпанда бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдарымен «Энергетиканың цифрлық платформасы» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ЭЦП АЖ) бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу шаралары бойынша кеңес өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Цифрлық бақылау құралдарын енгізу, азаматтардың электр энергетикасы саласында тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы жөніндегі ақпаратқа қолжетімділігін кеңейту бөлігінде, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің тапсырмасымен «ЭҚРҚО» акционерлік қоғамы автоматтандырылған ЭЦП АЖ әзірлеп, пилоттық режимде тәжірибелік пайдалануға берілді.

Онлайн режимде энергетика саласының 40-тан астам өкілі, оның ішінде ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық департаменттер, «ЭҚРҚО» АҚ және энергия өндіруші ұйымдар қатысты.

Күн тәртібінде: энергия өндіруші ұйымдарда ЭЦП АЖ қолдану және энергия өндіруші ұйымдардың ҚР Энергетика министрлігімен, «KEGOC» АҚ жүйелік операторымен және «ЭҚРҚО» АҚ-мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету туралы.

Отырысты Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасының орынбасары Илья Рожков бастады. Илья Борисович Электр энергетикасы саласын цифрландырудың маңыздылығын атап өтті.

Кеңес барысында «ЭҚРҚО» АҚ талдау және жобаларды басқару департаментінің директоры Абай Шангитбаев энергия өндіруші ұйымдар мен мемлекеттік органдар үшін ЭЦП АЖ функционалдық мүмкіндіктерімен таныстырды.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР ЭМ АЭҚБК жауапты тұлғалары мен энергоөндіруші ұйымдар үшін ЭЦП АЖ авторизация және жұмыс жүргізу бойынша оқыту семинарларын өткізу туралы, ЭЦП АЖ тәжірибелік пайдалануды сәтті аяқтау және ЭЦП АЖ өнеркәсіптік өндіріске кезең-кезеңімен енгізу мақсатында энергия өндіруші ұйымдардың басшыларымен және жауапты тұлғаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы мәселелер шешілді.