Жаңалықтар архивы
«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен 2024 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесін бекітуі туралы хабарлайды.
Осыған байланысты, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыруды жоспарлап отырған барлық мүдделі тұлғаларды 2024 жылғы 10 маусым мен 20 қараша аралығында өтетін ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақырамыз.
2024 жылы алдағы аукциондық сауда-саттыққа жоспарланған, белгіленген қуаттардың жалпы көлемі 1 270 МВт құрайды, оның ішінде:
- күн электр станциялары (КЭС) - 160 МВт;
- жел электр станциялары (ЖЭС) - 700 МВт;
- су электр станциялары (ГЭС) - 400 МВт;
- биоотын электр станциялары (БиоЭС) - 10 МВт.
2024 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесімен танысуға болады https://vie.korem.kz/rus/uchastie_v_torgah/uchastie_vie/ .
Барлық сұрақтар бойынша «ЭҚРҚО» АҚ-ға koremadm@korem.kz электрондық поштаға сұрау жіберу арқылы, немесе келесі нөмір бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 982-965.
Сізді 2024 жылғы және одан кейінгі жылдары аукциондық сауда саттыққа қатысушылар арасында көруге қуаныштымыз!