Жаңалықтар архивы
2024 жылғы 4 сәуірде «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ (бұдан әрі - ЭҚРҚО) базасында, USAID «Орталық Азия энергетикасы» жобасының өкілдері «Қазақстан үшін энергия жинақтаудың аккумуляторлық жүйелері» тақырыбында семинар және онлайн-презентация өткізді
АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын «Орталық Азия энергетикасы» жобасы, Орталық Азия елдеріне таза энергияға көшуде және жаңартылатын энергия көздері мен энергия тиімділігі саласындағы мақсаттарға қол жеткізуде қолдау көрсетеді.
Семинар гибридті форматта өтті, оған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-энерго» АҚ, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы, «ЭҚРҚО» АҚ және басқа да бизнес-қоғамдастық компанияларының өкілдері қатысты..
Аталған семинардың мақсаты озық әлемдік тәжірибе мен халықаралық сарапшылардың идеяларын пайдалана отырып, қазақстандық энергетика секторының нақты талаптарын ескере отырып, энергияны жинақтаудың аккумуляторлық жүйелерінің (BESS) технологияларына жан-жақты шолу жасау және оларды заманауи энергетикалық жүйелерге интеграциялау болып табылады.
Іс – шараны USAID «Орталық Азия энергетикасы» жобасы басшысының орынбасары Баян Әбілқайырова ашты. Ол семинардың бағдарламасы мен мақсатымен бөлісті, Жоба туралы қысқаша түсіндірді, сондай-ақ «ЭҚРҚО» АҚ-ға осы іс-шараны өткізудегі ұсынылған алаң үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде «ЭҚРҚО» АҚ атынан Стратегия және даму жөніндегі Басқарушы директор Алексей Доронин сөз сөйледі. Алексей Валерьевич әріптестерімен сәлемдесіп, ЭҚРҚО аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы ретінде жинақтаушы технологияны энергетикалық жүйеге және энергетикалық нарыққа біріктіруге байланысты мәселелерді шешуге мүдделі екенін атап өтті.
Кейін, жаңартылатын энергия көздері бойынша халықаралық сарапшы, USAID «Орталық Азия энергетикасы» Маркус Страшличка бейнеконференцбайланыс арқылы энергетикалық жүйелер мен энергетикалық нарыққа BESS технологияларын интеграциялаудың үздік тәжірибелері таныстырылды. Ол энергияны сақтаудың әлемдік нарықтарымен таныстырды, литий-ионды аккумуляторларды сақтау жүйелеріне баса назар аударды және BESS-пен ЖЭК гибридті аукциондары үшін құқықтық және нормативтік ортамен бөлісті.
Семинар белсенді талқылауда, сессия форматында сұрақтар мен жауаптар өткізілді.