Жаңалықтар архивы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің энергетикасындағы интеграциялық процестерді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Стратегия және қызметті қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры – «Электр энергиясы мен қуат нарығының қазақстандық операторы» АҚ Басқарма мүшесіне Алексей Доронинге «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағы берілді.
Энергетиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатты «KOREM» АҚ Басқарма Төрағасы Айдос Дәрібаев табыс етті.
Алексей Валерьевич - өз ісіне берілгендіктің үлгісі, салада 30 жылдан астам жалпы еңбек өтіліне ие. Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ортақ энергетикалық нарығын құру жөніндегі мәселелерді шешуге қатысты. Ұлттық электр желісін жаңғырту жобаларын әзірлеуге, электр энергиясының орталықтандырылған сауда тетіктерін жетілдіруге, жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізуге, Қазақстанның электр энергиясы нарығын, оның ішінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын құруға және дамытуға белсенді қатысты.
«KOREM» АҚ ұжымынан Алексей Валерьевичті лайықты марапатымен құттықтаймыз!