Жаңалықтар архивы
2024 жылғы 29 мамырда «Электр энергиясы мен қуат нарығының қазақстандық операторы» АҚ (бұдан әрі - KOREM) «Белэнерго» ГПО өкілдері құрамында Беларусь Республикасынан келген делегациямен жұмыс кездесуі өтті.
Қазақстан тарапынан кездесуде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «KOREM» АҚ өкілдері қатысты.
Жұмыс кездесуі Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы тәжірибе алмасу үшін өзара қарым-қатынастарды дамыту шеңберінде болды.
«KOREM» АҚ Бірыңғай сатып алушы жанындағы компанияның қызметін таныстырды, компанияның қазақстандық электр энергиясы нарығындағы орны, компанияның функциялары, Бірыңғай сатып алушы жанындағы электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу жөніндегі сауда алаңы, сондай-ақ өткен жылы енгізілген жаңа функция - электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығы туралы айтып берді.
Өз кезегінде Беларусь делегациясы Белэнерго компаниясымен таныстыру рәсімін жүргізді. Белэнерго ағындар нарығында электр энергиясының саудасын жүргізуге және электр энергиясының импортын жүзеге асыруға уәкілетті Беларусь Республикасының электр энергетикасының мемлекеттік өндірістік бірлестігі болып табылады.
Кездесу соңында Беларусь Республикасының өкілдері уақыт бөлгені үшін алғыс айтып, тараптар одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.