Жаңалықтар архивы
«KOREM» АҚ базасында Қазақстандағы энергетикалық сектор үшін киберқауіпсіздік бойынша оқу орталығы іске қосылады
2024 жылғы 25-26 маусымда «Электр энергиясы мен қуат нарығының қазақстандық операторы» АҚ алаңында Қазақстанның энергетикалық секторы үшін киберқауіпсіздік бойынша оқу орталығын (бұдан әрі – Оқу орталығы) дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының энергетика саласының компанияларымен кездесу өткізілді.
Кездесу энергетикалық сектор компанияларының киберқауіпсіздік бойынша оқытудағы қажеттіліктерін, бар проблемалардың болуын және оларды шешу жолдарын анықтауға, сондай-ақ қызығушылық тудыратын тақырыптар мен оқыту форматын, стандарттарды, кейстерді зерттеуді және т.б. белгілеуге бағытталған.
Киберқауіпсіздікті оқыту және Қазақстан үшін Оқу орталығын құру жобасы АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен, сондай-ақ «KOREM» АҚ базасында АҚШ-тың энергетикалық қауымдастығының (USEA) және АҚШ-тың Аризона Мемлекеттік Университетінің (ASU) бірлескен серіктестігімен жүзеге асырылады.
Оқу орталығының базасында Қазақстанның энергетикалық кәсіпорындарының ақпараттық технологиялары мен операциялық технологияларының басшылары мен техникалық мамандарын оқыту, АҚШ энергетикалық кәсіпорындарының киберқауіпсіздік аспектілері бойынша тәжірибе алмасу, Қазақстанның энергетика саласындағы киберқауіпсіздіктің проблемалық мәселелерін анықтау, қауіп-қатерлерге ден қою, энергетикалық кәсіпорындардың киберқауіпсіздігі мәселелері бойынша әдістемелік құжаттарды әзірлеу бойынша ұсынымдар және т. б. оқыту жоспарлануда.
Кездесуде Аризона мемлекеттік университетінің Электротехника, есептеу техникасы және энергетика кафедрасының доценті Ян Вэн және Аризона мемлекеттік университетінің энергетика және энергетикалық шешімдер зертханасының технологиялар және инновациялар жөніндегі директоры Джеймс Нелсон сөз сөйледі.
Іс-шараға «KEGOC» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ, «АЭҮК» АҚ және «Астана-Аймақтық Электржелілік Компания» АҚ ақпараттық, операциялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік мамандары қатысты.
Келесі офлайн тренинг-кездесуді ағымдағы жылдың III тоқсанында өткізу жоспарлануда. Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар курстан өткені туралы сертификат алады.