Жаңалықтар архивы
Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа рұқсат алған компаниялар анықталды
«Электр энергиясы мен қуат нарығының қазақстандық операторы» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушысы 2024 жылғы 29-30 шілдеде генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шешімдерді қабылдау үшін комиссияның отырысы (бұдан әрі - Комиссия) өткенін хабарлайды.
Комиссия аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтініш берушілердің өтінімдері мен құжаттамаларын қарап, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуге келесі компанияларды жіберуге шешім қабылдады:
- ЖШС «GES Myrzatai»
- ЖШС «Өндірістік-коммерциялық фирма «Континент Ко Лтд»
- АҚ «Атырау ЖЭО»
- ЖШС «Sterna Power»
- ЖШС «Aktobe Energy Gaz»
- ЖШС «Taraz Energy»
- ЖШС «Energy Power Plant Construction»
- ЖШС «GasEnergyQz»
- ЖШС «Energy Flow Generation»
- ЖШС «Аспан Energy»
- АҚ «Жамбыл ГРЭС» (50 МВт)
- АҚ «Жамбыл ГРЭС» (400 МВт)
- ЖШС «Aktobe Power Plant»
- ЖШС «Taraz Kuat»
- Жеке компания «Aksa Energy Atyrau Ltd»
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 73 бұйрығымен бекітілген 2024 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2024 жылғы 23 тамызда жиынтық белгіленген қуаты 700 МВт болатын маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғыларды салуға аукциондық сауда-саттық өткізілетін болады.
Сондай-ақ, «Электр энергиясы мен қуат нарығының қазақстандық операторы» АҚ жоғарыда аталған компанияларды аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуге шақырады.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефоны арқылы жүгінуге болады: + 7 (7172) 982-965.