Жаңалықтар архивы
Құрметті Жалғыз акционер, әріптестер мен серіктестер!
Біз сіздерге «KOREM» АҚ айдентикасындағы маңызды өзгерісі туралы хабарлауға қуаныштымыз. Бүгіннен бастап біздің компания Brand book визуалды сәйкестендіру жүйесін пайдалану бойынша әзірленген нұсқаулықты кеңінен қолдана отырып жаңа логотипке көшуде.
Өткен жылдар бойы компания айтарлықтай өзгерістерге ұшырады және олардың маңызды оқиғаларының бірі электр энергиясы нарығының жаңа моделін енгізу болып табылады. Қоғамның қолда бар функцияларымен қатар 2023 жылғы шілдеде «KOREM» АҚ электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын есептеу орталығының жаңа функциясына ие болды. Бұл жаңарту біздің бейімделу және уақыт сынақтарына жауап беру қабілетімізді көрсетеді, бұл бізге өсу мен дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Компания логотипінің тұжырымдамасында әлі де «KOREM» АҚ құндылығын қалыптастыратын корпоративтік түстер пайдаланылады:
Жасыл түс – жаңартылатын энергияны үнемдейтін яғни «жасыл» энергия дегенді білдіреді;
Қызғылт сары түс – күн сәулеленуін тікелей пайдалануға негізделген күн энергиясын білдіреді;
Логотип және көк түс – сауда платформасымен халықаралық интернет байланысының тығыз байланысын білдіреді.