Жаңалықтар архивы

19 тамыз, 2024
288

«KOREM» АҚ МГР бойынша аукциондық сауда-саттықта баға өтінімін берудегі өзгерістер туралы хабарлайды

1 Фото

«KOREM» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 16.08.2024 жылғы № ПР-193 генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға аукциондық сауда-саттықта баға өтінімін беруді өзгерту мәселесі жөніндегі кеңестің хаттамалық шешіміне сәйкес МГР сауда жүйесіне және генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғыларды салуға аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттамаға өзгерістер енгізілді, «KOREM» АҚ Басқарма Төрағасының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 160-ОД бұйрығымен бекітілген, 6 тараудың 2 параграфының 64 тармағының бөлігінде жаңа редакцияда жазылды:

«64. Қатысушылар өз қалауы бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғанға дейін бұрын берілген өтінімді жаңа өтінім беру жолымен өзгертеді. Бұл ретте қатысушылар жаңа өтінімдегі бағаны алдыңғы өтінімдегіден төмен көрсетеді, ал бұрын берілген өтінімнің көлемі өзгертуге жатпайды. Бағаны өзгерту қадамы - айына 1 (бір) МВт үшін кемінде 10 (он) мың теңге.».

 

 Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғыларды салуға аукциондық сауда саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың жаңа редакциясы.

 

Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: 8 (7172) 982-965.