Жаңалықтар архивы

16 қыркүйек, 2024
195

«KOREM» АҚ алаңында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу бойынша сауда жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету қызметтеріне шекті бағалар туралы қоғамдық тыңдау өтті

4 Фото
4 Фото
4 Фото
4 Фото

2024 жылғы 16 қыркүйек, Астана – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ (бұдан әрі – «KOREM» АҚ) өтініші бойынша сауда жүйесінің электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыруға және өткізуге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге шекті бағалар туралы қоғамдық тыңдау өткізді.

Қоғамдық тыңдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Электр энергетикасы басқарма басшысының м.а. Дидаров Ақтөренің төрағалығымен өткізілді.  Тыңдау төрағасы қоғамдық тыңдауды өткізудің мақсаты ашықтықты, хабардарлықты қамтамасыз ету, тұтынушылар мен әлеуметтік маңызы бар нарық субъектілері арасындағы мүдделердің тепе-теңдігін сақтау болып табылатынын атап өтті.

Тыңдау барысында «KOREM» АҚ стратегия және қызметті қамтамасыз ету жөніндегі Басқарушы директор - Басқарма мүшесі, Руслан Нұрмағанбетов орталықтандырылған сауда-саттық операцияларына сауда жүйесін дайындауға қатысты қызметтерге шекті бағаның жобасын ұсынды. Талқылауда электр энергиясын өндіру мен тұтынудың тәуліктік кестесін қалыптастыру үлгісі көрсетіліп, Бірыңғай электр энергиясын сатып алушы шеңберінде «KOREM» АҚ көрсететін қызметтердің үлесі көрсетілді. Сондай-ақ сауда жүйесінің электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыруға және өткізуге дайындығын қамтамасыз етудің негізгі аспектілері қозғалды.

Қоғамдық тыңдауға мемлекеттік органдардың өкілдері, бірлестіктер мен басқа да энергетикалық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Қоғамдық талқылаулар сындарлы түрде өтіп, маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау кезінде азаматтық қоғам мен сарапшылар және мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесуінің маңыздылығын растағанын атап өтеміз.

Іс-шара соңында Ақтөре Дидарұлы ұсынылған жобаның алдын ала болып табылатынын, соңғы шешім ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіпте «KOREM» АҚ өтінішін жан-жақты қарау нәтижелері бойынша қабылданатынын атап өтті.

Анықтама үшін: «KOREM» АҚ электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын тиімді өткізуді және жаңартылатын энергия көздері мен өңіраралық энергия генераторларына аукциондарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін Қазақстандағы сауда жүйесінің жетекші операторы болып табылады. Сонымен бірге, 2023 жылдан бастап теңгерімдеуші электр энергиясын және теңгерімдеуші электр энергиясы нарығындағы теріс теңгерімсіздіктерді орталықтандырылған сатып алу-сатуды жүзеге асыратын теңгерімдеуші нарық үшін есеп айырысу орталығы ретінде әрекет етеді. Ұйым елдің энергетикалық нарығын реттеуге және дамытуға белсенді қатысады.