Жаңалықтар архивы
«KOREM» АҚ электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды
«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ энергия өндіруші ұйымдарды 2024 жылғы 21 және 22 қарашада өтетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің аймақтары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысуға шақырады.
2024 жылғы 21 қарашада сағат 10:00-ден «Солтүстік-Оңтүстік» электр беру желісінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
2024 жылғы 22 қарашада ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілетін болады:
- сағат 10:00-ден ҚР БЭЖ Батыс аймағы Маңғыстау Энергия торабына қарай электр беру желісінің өткізу қабілетін ескере отырып, Маңғыстау облысы бойынша;
- сағат 16:00-ден Батыс Қазақстан Энерго торабына қарай электр беру желісінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша бірлескен сауда-саттық.
Барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады: 8 (7172) 982-945, 982-966
2024 жылғы электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу кестесі