Жаңалықтар архивы
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы: ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша қортыныдылары
2024 жылдың 27 қарашасында «КОREМ» АҚ сауда алаңында «Солтүстік-Оңтүстік» өткізу мүмкіндігі ескеріле отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «КОREМ» АҚ-на мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:
- ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатына болжамды сұраныс – 6 113.1 МВт, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша– 4 480.2 МВт, ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша – 1 632.9 МВт;
- ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын қосатын электр беру желілерінің өткізу қабілетінің көлемі – 1 100 МВт.
Сауда жүйесінде электр қуаты бағасының негізсіз өсуін шектеу үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне шекті тарифтерді бекіту туралы» «2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2024 жылғы 19 қарашадағы №407 бұйрығымен бекітілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне айына 1 170 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз) мөлшерінде шекті тариф қолданылды.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 21 энергия өндіруші ұйым қатысты.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша сатылған қуаттардың жалпы көлемі 6 113.1 МВт құрады, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 4 480.2 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша – 1 632.9 МВт. Сауда жүйесінде 21 мәміле жасалды. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа алынған баға айына 1 160 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда жүйесіне энергия өндіруші ұйымдардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 7 926 МВт құрады.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің іске асырылмаған көлемі 1 812,9 МВт құрады.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің өкілдері қатысты.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерін мына сілтеме арқылы көре аласыз.