Жаңалықтар архивы

28 қараша, 2024
75

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы: Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша қорытындылар

1 Фото

2024 жылдың 28 қарашасында сағат 16:00 бастап «КОREМ» АҚ сауда алаңында Батыс Қазақстан энергия торабына қарай электр тарату желісінің өткізу қабілеті ескеріле отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді. 

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «КОREМ» АҚ-на мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:

  • ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатына болжамды сұраныс – 441.9 МВт;
  • ҚР БЭЖ Батыс Қазақстан энергия торабына қарай электр тарату желілерінің өткізу қабілетінің көлемі – 180 МВт.

Сауда жүйесінде электр қуаты бағасының негізсіз өсуін шектеу үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне шекті тарифтерді бекіту туралы» «2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2024 жылғы 19 қарашадағы № 407 бұйрығымен бекітілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне айына 1 170 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз) мөлшерінде шекті тариф қолданылды. 

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 3 энергия өндіруші ұйым қатысты.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша сатылған қуаттардың жалпы көлемі 412 МВт құрады. Сауда жүйесінде 3 мәміле жасалды. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа алынған баға айына 1 170 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.   

Сауда жүйесіне энергия өндіруші ұйымдардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 412 МВт құрады.

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында сатып алынған электр қуатының іске асырылмаған көлемі 29.9 МВт құрады.

Электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша қызметтің іске асырылмаған көлемі 123.2 МВт құрады.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің өкілдері қатысты.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерін мына сілтеме арқылы көре аласыз.