Сала жаңалықтары архивы

02 қыркүйек, 2024
141

Қазақстан мен Қытай энергетика саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады

2 Фото
2 Фото

29-30 тамыз аралығында Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегацияның ҚХР-ға ресми сапары өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Энергетика министрлігінің басшысы ҚХР ірі энергетикалық компанияларының өкілдерімен және мемлекеттік органдармен бірқатар кездесулер өткізді.

Бейсенбіде министр ҚХР мемлекеттік энергетика басқармасының басшысы Чжан Цзяньхуамен кездесті. Тараптар елдердің энергетика саласындағы ынтымақтастығының перспективалары туралы пікір алмасты. Атап айтқанда, жаңартылатын энергетика саласындағы, соның ішінде күн мен жел энергиясын пайдаланатын перспективалы жобаларға назар аударылды. Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізудің ұқсас мақсаттары атап өтілді.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Энергетика министрлігінің басшысы қытай тарапының атмосфераға көміртегі шығарындыларын азайту, сондай-ақ олардың энергия тиімділігін арттыру мақсатында көмір ЖЭО жаңғырту тәжірибесіне деген қызығушылығын атап өтті.

Тараптар сондай-ақ газ және мұнай өңдеу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін талқылады.

Сондай-ақ, 29 тамызда Қазақстан Энергетика министрлігінің басшысы China Energy Engineering Corporation басқарма төрағасы Сон Хайлян мырзамен кездесті.

Сапар барысында қытай тарапы қазақстандық делегацияны компанияның көрме павильонымен таныстырып, Қытай аумағында да, одан тыс жерлерде де жүзеге асырылып жатқан жобаларды таныстырды.

Екіжақты кездесу барысында тараптар ЖЭК пайдаланатын объектілерді салу, жұмыс істеп тұрған электр станцияларын салу және жаңғырту, оның ішінде ЖЭО жаңғырту жөніндегі ірі жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.