Сала жаңалықтары архивы

27 қазан, 2022
417

QAZAQ GREEN ақпаратына сәйкес ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясының үлесі Қазақстанда 4,6%-ға дейін өсті

1 Фото
Қолданылған материалдар:

Қазақстан Энергетика министрлігі 2022 жылдың 9 айында ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруі бойынша ақпаратты жариялады.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясының көлемі электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде 3 917,39 млн.кВтсағ немесе 4,6% құрады. 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда 2022 жылдың 9 айында ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруін ұлғайту 21% құрайды.

Электр энергиясын өндірудің ең үлкен үлесі ЖЭС – 1 638,79 млн.кВтсағ, ең азы БиоЭС – 1,12 млн. кВтсағ, күн электр станциялары 1 487,7 млн. кВтсағ, шағын ГЭС – 789,78 млн. кВтсағ өндірді.

Қазіргі уақытта ЖЭК объектілерінің белгіленген қуаты 2 325,3 МВт құрайды, оның ішінде: жел электр станциялары – 893,9 МВт, шағын ГЭС – 280,21 МВт, күн электр станциялары – 1 149,78 МВт және биоэлектростанциялар – 1,47 МВт.