Сала жаңалықтары архивы

09 қараша, 2022
361

2022 жылғы 9 қарашада жиынтық белгіленген қуаты 20 МВт СЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда саттық өтті

1 Фото

2022 жылғы 9 қарашада «ЭҚРҚО» АҚ алаңында жалпы белгіленген қуаты 20 МВт күн электр станцияларын іріктеу бойынша ҚР БЭЖ оңтүстік аймағы үшін ЖЭК бойынша бесінші аукцион өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 2 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 2 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлік қуаты 10,001-ден 20 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 30,001 МВт құрады. 20 МВт СЭС жобаларын іріктеу бойынша ең аз ұсынылған аукциондық баға 16,95 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «Дамона» ЖШС (Қазақстан) компаниясы анықталды. Жоба Алматы облысы Балқаш ауданы Балатопар ауылында , жобаның белгіленген қуаттылығы 20 МВт-ты орналастыру жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ, «Qazaq Green» Қауымдастығы ЗТБ және USAID өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Келесі аукцион жиынтық белгіленген қуаты 20 МВт күн электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша 2022 жылғы 10 қарашаға тағайындалды.