Сала жаңалықтары архивы
2018 жылғы 26-27 сәуір күні Астана қаласында The Ritz Carlton қонақүйінің конферен-залында «ЖЭК аукциондық сауда тетігін енгізу» тақырыбына Hard Talk өтті, ұйымдастырушылары БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясымен, Еуропалық Кеңеспен, USAID және KAZENERGY қауымдастығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі болды.
2018 жылы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері негізінде (ЖЭК) жұмыс істейтін түрлендіруші объектілер құрылысы бойынша жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық саудалар өткізілетіндігі белгілі. Графикте белгіленген деректер негізінде іріктеуге жоспарланған қуаттылықтың жиынтық көлемі 2018 жылы электр станцияларының түрлері бойынша бөлініп, 1000 МВт құрайды:
- күн электр станциялары – 290 МВт;
- жел электр станциялары – 620 МВт;
- су электр станциялары – 75 МВт;
- Био ЭС - 15 МВт.
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бүгін Қазақстанда жаңартылатын және альтернативті энергия көздерінің 58 объектісі бар екенін атап көрсетті. Жақын арадағы 3 жылда, яғни 2020 жылға дейін олардың үлесін жалпы өндіруден 3%-ға дейін, ал 2050 жылға дейін 50%-ға дейін жеткізу жоспарда бар. Осы жылдың басында ЖЭК үлесі 1,1% ғана құрағанын еске сала кетейік.
Энергетика министрлігінің және «КОРЭМ» АҚ өкілдері іс-шара қатысушыларына электронды алаңдағы сауда процестері жөнінде баян етті. Қатысушылар электр энергияға өз тарифтерін 3 сағаттық сесия ішінде ұсына алады. Мейлінше төмен тарифті көрсеткен тұлғамен 15 жылға келісімшартқа қол қойылатын болады. Алайда тарифтер индекстеледі.
KAZENERGY қауымдастығының кеңесшісі Арман Сатимов қазақстандық және халықаралық сарапшылардың негізгі ұсыныстары мен ескертулерін ықпалдастыру және біріктіру ұсынысын білдірді, бұл ретте олардың кейбіреулерін жақын уақытта (техникалық) жұмысқа енгізу қажет, ал кейбіреулерін болашақта ескеру қажеттілігін (фундаменталды) айтты. Сонымен қатар аукциондарды өткізудің жекелеген процестерін, РРА келісімшарттарына қол қоюды, инвестициялық келісімшарттар мәртебесіне ие болуды, жер учаскелерін және станция құрылысы мен инфрақұрылым процесін және тиісті қосылысты ресімдеуді ескере отырып, инвесторлар үшін жеке процесс жаднамасын әзірлеу ұсынылды. соңында инвестициялаудың негізгі тәуекелдері осы жылы болжанатын аукциондар бойынша қазақстандық және шетел инвесторлары үшін төмендетілетін болады.
Арман Сатимов ЖЭК бойынша қазіргі қазақстандық реформалар басынан бастап дәстүрлі ойыншыларға қарама-қайшы салмақ пен энергожүйесіне қосымша күйзеліс түсіретіндіктен, олардың тұрақты сипатының жоқтығы және компромисті синергияны табу қажеттілігі жөніндегі халықаралық еуропалық техникалық сарапшылардың ескертуі іргелі мәселе болып табылатындығын да айтып өтті. Бастамалар ЖЭК түрлендірумен ғана емес, сондай-ақ ЖЭК жаңа станцияларының ұлғайтылған көлемін қабылдауға трансформациялау және маневрленетін қуаттылық жасау үшін KEGOC жүйелі операторын институционалдық және қаржымен қамтамасыз етумен де байланысты болу қажет. Қазіргі уақытта жергілікті қамтуды дамыту мәселесін қарау қажет, ол орта мерзімді жоспарда Қазақстан Республикасында таза энергияның әрі қарай дамуына көмегін тигізер еді.
Сұрақтар мен жауаптардың сессиялары барысында іс-шара қатысушылары ашық түрде пікір алмасты және ЖЭК секторына инвестициялауға кедергі болатын негізгі проблемаларды айқындады, сондай-ақ оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынды.