Сала жаңалықтары архивы

15 мамыр, 2018
3942

23 мамырда «жасыл энергия» жобаларының бәссаудасы өтеді

1 Фото
Қолданылған материалдар:

Баламалы қуат көздері жобаларының бәссаудасы 23 мамырда басталады.


Осы жылға жоспарланған қуаттың жалпы көлемі мың мегаватты құрайды. Оның жартысынан астамы жел электр станциялары болмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Айнұр Соспанова хабарлады. Оның айтуынша, қатысушылар өзара сыбайлас болмас үшін аукциондық сауда-саттық жасырын түрде өткізіледі. Өтінім беруші компаниялар инфрақұрылымының әзірлігіне қарай іріктеліп, биогаз, жел, күн және су қуат көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығымен 15 жылға келісімшартқа қол қояды. Халықаралық аукционға қатысам деушілер толық ақпаратты www.energo.gov.kz сайтынан біле алады.

Айнұр Соспанова, ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры:

– Біз ұсынған жобалардың құрылысына, артынша энергия тарататын құнына төмен мөлшерлеме ұсынған компанияларды ғана іріктеп аламыз. Мәселен, біз жел диірмендеріне басымдық беріп отырмыз. Өйткені еліміздің климаты аталған энергия көзінен қуат алуға өте қолайлы. Ал қалған 300-ден астам мегаватт күн, су және биогаз арқылы электр өндіретін станцияларға арналмақ. Бүгінде елдегі баламалы қуат көзінің жалпы қуаты 340 мегаватты құрайды.