Сала жаңалықтары архивы
Ақтөбеліктер ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап коммуналдық қызметтердің барлық түрлеріне көбірек төлейтін болады. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыстық департаментінде (ТМР және БТҚҚ ОД) мұндай тарифтер құнының артуын жоспарлы арттыру деп түсіндірді (https://kapital.kz).
«2015 жылы 2020 жылға дейін ұзақ бес жылдық кезеңге коммуналдық қызметтерге арналған тарифтер бекітілген болатын. Сондықтан жылсайын 1-ші қаңтардан бастап тарифтердің ұлғаюы орын алады, мұны біз жоспарлы түрде деп атаймыз», — деп ұғындырды департамент басшысы Гульнур Масина.
Сонымен, сумен жабдықтау 3%-ға қымбаттады. Суық судың әрбір шаршы метрі тұтынушыға 74,04 теңгеге шақ келеді, өткен жылы 71,91 теңге болатын. Өзге де тұтынушылар үшін бұл тариф 263,77 теңгені құрайды. Суды бұру қызметі 7,3%-ға өсті. Жылумен жабдықтау қызметі кенеттен 29%-ға өсу арқылы қымбаттады.
«Тариф құнының арту себептері „Ақтөбе ТЭЦ“ АҚ тарифтерді арттыруымен түсіндіріледі, яғни АҚ бекітілген инвестициялық бағдарлама шеңберінде қуаты 25 МВт газтурбиналық екі қондырғының құрылысын салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар кәсіпорын қолданыстағы қазандықтар мен желілерді жөндеуді де жоспарлап отыр. Мұның барлығы жылу бергіштердің есебі бойынша жалпы сомасы 6,4 млрд теңгені құрайды. Бірақ тқрғындар үшін тариф құнының өсуі 1-ші қаңтардан басталады, яғни 10%-ды немесе 3 135,55 теңге/Гкал құрайды, атап айтқанда бұрын бекітілген жоспарлы шектелген тариф деңгейінде жүзеге асырылады. Басқа да тұтнушылар үшін жылу энергиясына тариф құнының артуы 7% құрайды (немс с 4 700,29 тенге/Гкал-лдан 5 026,9 тенге/Гкал-ға дейін», — деп атап өтті Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыстық департаментінде.
Ыстық судың бір шаршы метрі тұрғындарға өткен жылдың 205,24 тенгесіне қарағанда 225,76 теңгеге шақ келеді.
Электрмен жабдықтау қызметінде орташа тариф құнының артуы барынша сезілетін болады және 13,5 % ды құрайды. Тариф құнының арту себебі Жаңажол ГТЭС және Ақтөбелік рельсбелағаш зауыты секілді электр энергиясын өндірушілердің негізгі өткізу бағаларын арттыруына және энергияны таратушы кәсіпорындардың тарифтерді арттыруына байланысты болып келеді.
Сондай-ақ тарифтерді саралауға сәйкес, тұрғындар үшін орташа баға 1-ші қаңтардан бастап бір кВт-қа 9,24 теңгені құрайтын болады, яғни өсім бұрын қолданылған тарифпен салыстырғанда 10%-ды құрайды, және қалған тұтынушыларға электр энергиясы үшін тариф 10,7%-ға өсті. Бұл «Актобеэлектроснаб» ЖШС өз қызметтеріне қатысты бағаны төмендетуі нәтижесінде мүмкін болды. Бұл қадамға «ЖГТЭС» ЖШС мен Ақтөбе облыстық әкімдігінің арасындағы электр энергиясының тарифтерін кенеттен өсіруді болдырмау жөніндегі меморандумға қол қою арқылы қол жеткізілді. 1-ші қаңтардан бастап газбен жабдықтау да қымбаттады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті тұрғындарға арналған бағаға келісім берді — 8 895,58 теңге/тыс. м3 (өсім8%), басқа да тұтынушылар үшін — 13 384,82 теңге/тыс. м3 (өсім 4%).
Барлық тарифтар ҚҚС-сыз көрсетілген. Сондықтан оларға сенімді түрде 12%-ды қосуға болады.
«Жалпы, көрсетілген коммуналдық қызметтер бойынша тұтынудың орташа нормасы кезінде төлем 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда көпқабатты үйлерде тұратын тұрғындар үшін 717,14 теңгеге (жылу энергиясы бойынша жалпы үйдің есепке алу аспаптарын ескермей-ақ) және 997,27 теңгеге (жылу энергиясы бойынша жалпы үйдің есепке алу аспаптарын