Сала жаңалықтары архивы
«KEGOC» АҚ «Павлодар энергия торабының Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесімен байланысын күшейту» жобасын аяқтады.
- Павлодар облысының келешекте әлеуметтік-экономикалық дамуында бұл жобаның атқаратын маңызы зор. Жобаны жүзеге асыру энергиямен жабдықтаушы және энергия жеткізуші кәсіпорындарға Павлодар қаласы және облыста құрылып жатқан Бос Экономикалық аймақтарды электр қуатымен қамтамасыз етуге кепілдік беру мүмкіндігін туғызды, - деді Өндіріс жөніндегі басқарушы директор Б. Жазықбаев.
Бұл аймақты Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесімен (БЭЖ) байланыстыратын қолданыстағы электр жеткізу желілеріне (ЭЖЖ) «Промышленная» қосалқы станциясы мен «ЕЭК» (Еуразиялық энергетикалық корпорация) АҚ ЭС арасында жаңа 220 кВ ЭЖЖ салынды.
Сонымен қатар жоба шеңберінде «Павлодар» қосалқы станциясы 220 кВ кернеуіне ауыстырылып, қайта құрылды. «ЕЭК» АҚ ЭС-де 220 кВ АТҚ қайта құрылды. 220 кВ кернеулі «ЕЭК – «Павлодар» ҚС - «Промышленная» ҚС – ЕЭК» электр жеткізу желілері шеңберін құруға мүмкіндік берген басқа да энергия объектілері салынды.
Павлодар энергия торабы мен БЭЖ-дің электр байланыстарын күшейту электр станциялары жұмысының, сонымен қатар аймақ тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сенімділігін біршама арттырды. Сондай-ақ, Павлодар ТЭО-1,2,3-тің электр энергиясын өндіруінің артуына мүмкіндік туды. Бұл өз кезегінде Павлодар қаласының дамып келе жатқан индустриалды кластерінің өсуші қажеттіліктері үшін маңызды болып табылады.
Сонымен қатар Павлодар энергия торабының қуат беру схемасына кіретін ӘЖ-ні жөндеу және қызмет көрсету бойынша графикті уақытында орындау, Павлодар энергия торабының энергия өндіруші ұйымдары (Павлодар ТЭО – 1,2,3) үшін шектеу енгізу қажеттілігісіз оларды қосу мүмкіндігі маңызды факт болып табылады.
Бір айта кетерлігі, Павлодар энергия торабы 600-650 МВт электр қуатын пайдаланғанның өзінде жалпы жиынтық мөлшері 800 МВт көлеміндегі электр қуаты болатын, 150-220 МВт көлеміндегі артылған энергия қуатын Қазақстанның БЭЖ-не жөнелтетін. Қазақстан БЭЖ-імен байланыс жоспарлы және желілердің апаттық ажыратулары кезінде тисті өткізу қабілетін және Павлодар энергия торабының Қазақстан БЭЖ-імен сенімді қатарлас жұмысын қамтамасыз ете алмаған 110 кВ-тық екі желісі арқылы жүзеге асатын.