Сала жаңалықтары архивы
Ол Атырау облысы әкімі лауазымынан босатылды...
Нұрлан Ноғаев ҚР энергетикасының жаңа министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Ноғаев Нұрлан Асқарұлы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Атырауоблысы әкімі лауазымынан босатылсын», - делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Естеріңізге салсақ, Энегетика министрлігін 2016 жылдан бері басқарып келген Қанат Бозымбаев денсаулық жағдайына байланысты қызметінен босатылған-ды. Ол президент көмекшісі болып тағайындалды.
Нұрлан Ноғаев 1967 жылғы 30-шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Еңбек өтілі:і
- Қандыағаш станциясының электромонтері (1984);
- «Гили-Паскер» ЖШС-сінің аға эксперті, бөлім бастығы, бас директоры (1993-1995);
- «Отырар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары (1995-1996);
- «Қазақтүркіменмұнай» ЖШС-інің маркетинг жөніндегі инженері, маркетинг, мұнай және мұнай өнімдерін сату бөлімінің басшысы, бас директоры (1996-2006);
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атқарушы директоры (02.2006-08.2006);
- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры (08.2006-09.2007);
- Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (09.2007-04.2010);
- Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (04.2010-01.2012);
- Батыс Қазақстан облысының әкімі (20.01.2012-26.03.2016);
- Атырау облысының әкімі (26.03.2016, өкілеті 2019 жылғы 17-маусымнан ұзартылған)....