Сала жаңалықтары архивы

22 мамыр, 2020
1856

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша қолданыстағы шарттардың мерзімі ұзартылды

1 Фото
Қолданылған материалдар:

Бұл туралы ҚР ЭМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі ЖЭК пайдаланатын және Қаржы-есеп айырысу орталығының (ҚЕАО) қолданыстағы сатып алу шарттары бар энергия өндіруші ұйымдар үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін және (немесе) ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін күнтізбелік бір жылдан аспайтын мерзімге ұсыну мерзімдерін ұзарту көзделгенін хабарлайды.

ТЖ кезеңінде бизнесті қолдау шараларын іске асыру мақсатында ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕАО» ЖШС атына ұзарту мерзімін көрсете отырып, тиісті өтініш беруге құқылы.

«Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығы ағымдағы жылғы 1 қарашаға дейін қолданылады.