Сала жаңалықтары архивы
Энергетика министрлігі: Жамбыл ГРЭС-інде электр генерациясын арттыру үшін үшінші блок іске қосылады
Тұрғындар мен әлеуметтік объектілер электр энергиясынан ажыратылмайды. Осыны бүгін Жамбыл облысында өткен көшпелі кеңес барысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев бейінді компаниялар мен ұйымдарға тапсырды.
«Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-i» АҚ-ының жұмыс тәртібі жөніндегі кеңесіне Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ының, «ҚазТрансГаз» АҚ-ының Жамбыл өндірістік филиалының, «Жамбыл электр желілері» ЖШС және «Жамбыл жарық сауда 2030» ЖШС Бақылау кеңесінің басшылары қатысты. Сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауға онлайн-режимде еліміздің барлық өңірлерінен энергиямен жабдықтаушы және электржелілік компаниялардың акционерлері мен басшылары қатысты.
Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) энергия тапшылығы бар Оңтүстік аймағында электр энергиясын тұтыну ағымдағы жылы 12%-ға өскені атап өтілді. Тұтынудың өсуіне байланысты «KEGOC» АҚ 500 кВ транзитін солтүстік-оңтүстік бағытында артық жүктеме түседі, электр энергиясын генерациясы мен тұтынудың теңгерімсіздігі пайда болады. Электр энергиясын өндіру мүмкіндігіне қарағанда тұтыну артық. Осыған байланысты Жамбыл ГРЭС резервтері пайдалануға беріледі.
Жамбыл ГРЭС басшылығы бүгін электр энергиясын өндіруді арттыра отырып, үшінші блокты іске қосуға техникалық дайындығы туралы баяндады.
Министр ағымдағы жылдың 30 қазанында «Жамбыл ГРЭС» АҚ-ының электр энергиясына шекті тарифтері бекітілгенін хабарлады.
Жүйелік оператор күн сайын энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды қоса алғанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері тарапынан электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесінен ауытқулар мен бұзушылықтарды тіркейді.
«Дәстүрлі түрде электр энергиясы мен қуаттың тапшылығы кешкі максималды тұтыну сағаттарында белгіленеді. Бірақ аймақ тұрғындары мен ауруханалар мен мектептер сияқты әлеуметтік нысандар электр жарығынсыз қалмауы керек. Энергетика министрлігі мұндай шараларға үзілді-кесілді қарсы», - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Осыған байланысты Энергетика министрі «КЕГОК» АҚ-ға, энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетімен (АЭҚБК) бірлесіп, апта соңына дейін талдау жүргізуді және тұрмыстық тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар, Министр Жамбыл ГРЭС-інің 4 және 5-ші блогын қалпына келтіруге кірісу міндетін қойды, бұл болашақта электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік берер еді.
Кеңес қорытындысы бойынша ведомство басшысы «KEGOC» АҚ-ына тәулік сайын тұтынушылар және олардың арасында бөлінген электр энергиясының көлемі туралы ақпарат беруді тапсырды.
Энергия беруші компанияларға энергияны асыра тұтыну фактілері бойынша, оның ішінде «сұр» майнерлерді анықтау бойынша тиісті жұмыс жүргізу тапсырылды.