Сала жаңалықтары архивы

23 қыркүйек, 2022
641

Бакуде аймақтық энергетикалық қауіпсіздік симпозиумы өтуде

2 Фото
2 Фото

«ЭҚРҚО» АҚ нарықты және сауда жүйесін дамыту жөніндегі басқарушы директоры Е.Мадиев PCA USAID бағдарламасының қолдауымен 2022 жылғы 19-22 қыркүйек аралығында Бакуде (Әзірбайжан) өткен энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі өңірлік симпозиумға қатысты.

Семинарға Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан өкілдері қатысты.

Іс-шараны АДА университетінің ЕО зерттеулері саласындағы озық тәжірибе орталығы тығыз ынтымақтастықта және НАТО-ның энергетикалық қауіпсіздік саласындағы озық тәжірибе орталығы мен Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясының қолдауымен ұйымдастырды.

Симпозиумда сұрақтар талқыланды:

- мұнай-газ және электр энергетикасы салаларындағы өңірлік энергетикалық қауіпсіздік қағидалары;

- энергетикалық саясат және қазіргі қауіп - қатерлер, энергетикалық логистика мәселелері және өңірдегі елдердің ынтымақтастығы;

- аса маңызды энергетикалық инфрақұрылымды қорғау және оның орнықтылығы;

- терроризм және аймақтық қауіптер;

-киберқауіпсіздік пен энергетикалық қауіпсіздіктің өзара байланысы;

- Түркияның энергетикалық қауіпсіздікке көзқарасы, жеке сектордың энергетикалық қауіпсіздікке көзқарасы.

Жалпы осы симпозиум өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті, өңірлік үйлестіруді (ынтымақтастықты), ведомствоаралық үйлестіруді және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті одан әрі нығайту үшін тиімді алаң болды.