Сала жаңалықтары архивы
2022 жылға ГЭС бойынша аукцондық сауда-саттықты өткізу күнін ауыстыру туралы ақпарат
2022 жылғы 25 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды, оған сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні болып бекітілді.
Осыған байланысты 2022 жылғы 24 және 25 қазанға жоспарланған ГЭС бойынша аукциондық сауда - саттықты өткізу күні 2022 жылғы 3 және 4-қараша күндеріне ауыстырылады.
Қосымша ақпарат алу мақсатында Сіз Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығының» (http://www.rfc.kegoc.kz/) және «КОРЭМ» АҚ-ның (http://www.korem.kz/) ресми сайттары арқылы, сондай-ақ мынадай өкілдерге хабарласа аласыз:
- Омарханова Л. – 87172 743866
- Шағырбаева А. – 87172 649 187
- Ахметова З. – 87172 690106