Сала жаңалықтары архивы

14 қазан, 2022
648

Қазақстанда ЖЭК дамыту: негізгі проблемалар және оны шешу жолдары.

2 Фото
2 Фото

«QazaqGreen» ЖЭК қауымдастығының алаңында ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтың қатысуымен Қазақстанда ЖЭК дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.

«ҚР Электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі әзірленген тұжырымдамасы шеңберінде ЖЭК дамыту - ЖЭК аймағы» атты баяндамамен «ЭҚРҚО» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Рахимов сөз сөйледі. Тұжырымдама келесіні қарастырады::

  • ресурстардың (желдің, күн сәулесінің)үлкен әлеуеті бар неғұрлым перспективалы алаңдарды анықтау;
  • қажетті инфрақұрылым салу; әлеуетті инвесторлар үшін «түсінікті және ашық» ойын ережелерін жасау;
  • электрондық аукциондар арқылы, конкурстық іріктеу.

Мемлекет басшысының 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы тапсырмасына сәйкес баламалы энергия көздерін ескере отырып, 2030 жылға қарай ЖЭК үлесінің 15% - на, 2050 жылға қарай 50% - на қол жеткізу бойынша нақты нысаналы индикаторлар көзделген.

2030 жылғы мақсатқа жету үшін шамамен 7 ГВт жаңа ЖЭК қуатын енгізу қажет болады. Тиісінше, Қазақстанда ЖЭК жабдықтары мен компоненттерінің өндірістерін оқшаулау одан да өзекті мәселеге айналуда.

Күн және жел ресурстарының әлеуеті жоғары географиялық аймақтар ұсынылды, сондай-ақ оларды қабылдаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсете отырып, ЖЭК аймақтарын дамытудың проблемалық мәселелерін шешу ұсынылды.

Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар Бірыңғай сатып алушы және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы шеңберінде ЖЭК объектілері жұмысының проблемалық мәселелерін талқылады: ҚР заңнамасына пысықталатын түзетулердің түйінді ережелері.