Сала жаңалықтары архивы
Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ халықаралық ғылыми-техникалық конференциясына «ЭҚРҚО» АҚ Басқарма төрағасы Рахимов Қ. қатысты
Армысыздар, құрметті қатысушылар!
Құрметті депутаттар, қадірлі әріптестер!
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атынан «Энергетика, Инфокоммуникациялық технологиялар және жоғары білім» XII Халықаралық ғылыми-техникалық конференцияға қатысқан-дарыңыз үшін қошемет-теп, алғысымды білдіремін!
Электр энергетикасы саласы елдің отын-энергетика кешенінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.
Әлем 4.0 Индустриясының трансформациялық кезеңіне өтті. Біз технологиялық инновациялар мен цифрлық дамуға байланысты жаһандық өзгерістерді көріп отырмыз.
Күн тәртібінде энергетика саласын одан әрі дамыту мәселелері бұрынғыдан да өзекті болып отыр.
Энергетика озық жұмыс істейді, ғылым мен техниканың ең заманауи жетістіктеріне сүйенеді, сабақтас салаларға инновациялар әкеледі. Электр энергетикасы саласын дамыту перспективалары тұтынушылардың электр энергиясын өндіру, беру және пайдалану, таза энергия көздері процестеріндегі рөлін күшейтумен, нарықтық тетіктерді жетілдірумен байланысты.
Бүгінгі конференцияда ұсынылған тақырыптар өте өзекті, Электр энергетикасы индустриясын дамытудың осы проблемалары мен жаңа трендтерін талқылау одан әрі ғылыми-зерттеу жұмысында қолданылады деп санаймын.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бүгінгі іс - шараны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келді, Алматы Энергетика және Байланыс университеті - бүкіл Орта Азия өңірінде энергетика, телекоммуникация және IT-технологиялар бойынша жоғары дәрежелі мамандар даярлайтын Қазақстандағы негізгі жоғары оқу орындарының бірі.
Білім беру институттарының бизнес құрылымдармен және жұмыс берушілермен интеграциясы қазіргі заманғы әлеуметтік институттардың қызметін сипаттайды. Білім, ғылым және өндіріс саласындағы ынтымақтастық экономиканың инновациялық әлеуетін арттыруға алып келеді. Нарық жағдайында қазақстандық жоғары оқу орындары еңбек нарығының талаптарына сәйкес түлектерді жұмысқа орналастыру саласын түбегейлі түрлендіру қажеттілігін сезінді.
Бүгінгі таңда АЭжБУ базасында, Энергетика министрлігінің салалық Технологиялық құзыреттер орталығы жанынан Электр энергетикасы саласындағы Білім және ғылым жөніндегі сараптама комитетін құру мәселесін пысықтау басталды.
Жоба шеңберінде еліміздің жоғары оқу орындарының энергетикалық кәсіпорындармен, ғылыми ұйымдармен және даму институттарымен өзара іс-қимылы, кадрлық әлеуетті арттыруға және электр энергетикасы саласында жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған жүйелі бағдарлама құру қажеттілігі жөнінде ұсыныстар әзірлеу көзделіп отыр.
Мен бүгінгі конференцияға қатысушылар арасында сындарлы диалог пен тәжірибе және пікір алмасу үшін жағдай жасауға болатынына сенімдімін. Әрине, конференция нәтижелері барлық қатысушыларға пайдалы болады, ал ұсынылған ұсыныстар әрқайсысының практикалық қызметінде өз қолданылуын табады.
Конференцияның барлық қатысушыларына жемісті жұмыс, шығармашылық нәтижелі пікірталас, мықты денсаулық және жаңа жетістіктер тілеуге рұқсат етіңіздер!