Сала жаңалықтары архивы
Ұлттық семинар: Қазақстан Республикасында энергетика саласын цифрлық трансформациялау үшін реттеуші құмсалғыштардың технологиялық саясаты саласындағы жаңа эксперименттерді пайдалану.
2022 жылғы 31 қазан, 1 қарашада Астанада «Қазақстан Республикасында энергетика саласын цифрлық трансформациялау үшін реттеуші құмсалғыштардың технологиялық саясаты саласындағы жаңа эксперименттерді пайдалану» тақырыбы бойынша екі күндік семинар өткізілді.
Семинарды Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «ЭҚРҚО» АҚ және Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті ұйымдастырды.
Іс-шара: тәжірибе алмасу; жаңа және неғұрлым ұтымды әдістер мен тәжірибелерді іздеу; қолданыстағы жүйені жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар Энергетика Вице-министрі Ж.З. Жахметованың құттықтау сөзімен ашылды. Жанат Зарубековна Қазақстан Республикасында энергетика саласын цифрлық трансформациялау үшін реттеуші құмсалғыштар саясаты оң нәтиже беретінін және аталған семинар цифрландыру саласындағы үздік сарапшылардың тәжірибесін зерделеуге ықпал ететінін атап өтті.
Іс-шараның модераторы «ЭҚРҚО» АҚ Басқарма Төрағасы Қ. Рахимов болды. Цифрландыру процесі бүгінде әлемнің барлық елдеріне әсер етеді. Цифрландыру энергетикада өте қажет болады. Энергетикалық процестердің жылдамдығы, ақпараттың үлкен көлемі және энергия жүйесінің үнемі күрделенуі басқаруда ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылуын анықтайды және энергетикалық процестерді басқаруда цифрды қолданудың кілті болып табылады. Бірегей профилі бар жаңа ойыншылар мен жаңа тұтынушылар пайда болады. Бұған мысал ретінде соңғы екі жылда цифрлық тау-кен өндірісінің белсенді дамуы. Энергетиктер ғана емес, жалпы заңнамалық бастамалар да мұндай сынаққа дайын болмағанын және қазір белсенді жұмыс істеп жатқан бірқатар мәселелерді алғанын мойындауымыз керек.
Семинарға шетелден арнайы қонақтар (сарапшылар) шақырылды:
- Арпине Корекян, БҰҰ ДЭСВ мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі қызметкері;
- Винченцо Акуаро, БҰҰ ДЭСВ цифрлық үкімет бөлімінің бастығы;
- Сухроб Ходжиматов, Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты төрағасының орынбасары.
- Ричард Стейси, Майкл О Брайан, Дэвид Бонд-халықаралық сарапшылар.
Сондай-ақ, «KEGOC» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ERG», Beeline Қазақстан, АХҚО, АЗРК, Қазақстандық цифрлық энергетика қауымдастығы, Вавиот Азия ЖШС, «Faceplatе» ЖШС өкілдері баяндама жасады.
Семинар жұмысына 20-дан астам ұйым өкілдері қатысты. Секциялық отырыстардың жұмысы барысында өнеркәсіп пен энергетиканы цифрландыру мәселелері, энергетика саласын цифрландырудың институционалдық кедергілері, цифрлық трансформация бойынша 15 баяндама және 4 қысқаша баяндама тыңдалды.
Іс жүзінде әрбір баяндама тыңдаушылардың оң реакциясын тудырды.
«ЭҚРҚО» АҚ семинарға белсенді қатысқаны үшін барлық қатысушыларға зор алғысын білдіреді!