Сала жаңалықтары архивы
2022 жылғы 4 қарашада жиынтық белгіленген қуаты 200 МВт ГЭС жобаларын іріктеу бойынша екінші аукциондық сауда саттықтың қорытындылары
2022 жылғы 4 қарашада жиынтық белгіленген қуаты 200 МВт су электр станцияларының ірі жобаларын іріктеу бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін ЖЭК бойынша екінші аукциондық сауда-саттық өткізілді.
ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 15,2 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 51-тармағының талаптарына сәйкес, аукциондық сауда-саттыққа қатысуға сауда жүйесіне тиісті аукциондық сауда-саттыққа тіркелген және жіберілген қатысушылардың саны екіден аз болғандығына байланысты аукциондық сауда-саттық өткізілмеді деп танылды.
Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде Энергетика министрлігінің, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан ЖЭК одағы» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталмаған.
Келесі аукцион 2022 жылғы 7 қарашаға белгіленген жиынтық қуаты 10 МВт биогаз электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша тағайындалды.
Аукциондық сауда-саттық жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес (ҚР ЭМ 21.12.2017 ж. №466 бұйрығы) Министрлік аукциондық сауда-саттық кестесін қалыптастырды.
Министрлік бекіткен аукциондық сауда-саттық кестесіне сәйкес ағымдағы жылы электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаттылығы 690 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттық өткізу жоспарлануда:
- күн электр станциялары – 60 МВт;
- жел электр станциялары – 400 МВт;
- су электр станциялары – 220 МВт;
- Био ЭС - 10 МВт.