Сала жаңалықтары архивы
Қазақстанда жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар арасында 550 МВт жаңа генерация құрылысына аукциондық сауда-саттық қайта өткізу жоспарлануда 04 қараша 2022 - 15:20
ҚР Энергетика министрлігі 2022 жылғы 14 желтоқсанда генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты қайта өткізілетіні туралы хабарлайды.
Аукциондық сауда-саттықты өткізу графигімен мына сілтеме бойынша: https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/358326?lang=ru, аукциондық құжаттамамен мына сілтеме бойынша: https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/366432?lang=kk танысуға болады.
Осы аукциондық сауда-саттық шеңберінде электр энергиясын өндіру үшін судың гидродинамикалық энергиясын және (немесе) газды пайдаланатын жобаларды іске асыруға тиіс, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың алаңдарында генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғылар салуды көздейтін жобаларды іріктеу көзделеді.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша іріктеуге жоспарланған көрсетілетін қызмет көлемі 550 МВт құрайды.
Аукциондық сауда-саттық жеңімпазы заңнамада белгіленген мерзімде (газ электр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде, гидроэлектр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде) генерациялайтын қондырғының құрылысын аяқтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы заңнамада көзделген талаптарды орындауға міндетті.
Өз кезегінде, инвестор үшін электр қуаты нарығы шеңберінде 15 жыл ішінде «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС тарапынан енгізілген электр қуаты көлеміне салынған инвестициялардың кепілдендірілген қайтарымы қамтамасыз етілетін болады.
Аукциондық сауда-саттық тетігі Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі реттеу қуатының тапшылығын жабу мақсатында, сондай-ақ халықты және кәсіпкерлік субъектілерін сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін енгізілді.
Сонымен қатар, Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының 86 тармағына сәйкес сауда-саттықта өтінім берушілердің саны екіден кем болуына байланысты, 2022 жылғы 30 қыркүйектегі аукциондық сауда-саттық өткізілмеді деп танылғанын атап өтеміз.