Сала жаңалықтары архивы
СЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда саттықтың қорытындылары 2022 жылғы 8 қараша жиынтық белгіленген қуаты 20 МВт
2022 жылғы 8 қарашада ҚР БЭЖ оңтүстік аймағы үшін ЖЭК бойынша жиынтық белгіленген қуаты 20 МВт күн электр станцияларын іріктеу бойынша төртінші аукцион өткізілді.
СЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 16.96 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз)құрады.
ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 51-тармағының талаптарына сәйкес, аукциондық сауда-саттыққа қатысуға сауда жүйесіне тиісті аукциондық сауда-саттыққа тіркелген және жіберілген қатысушылардың саны екіден кем болмауына байланысты аукциондық сауда-саттық өткізілмеді деп танылды.
Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ және «Qazaq Green» Қауымдастығы ЗТБ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі – «ЭҚРҚО» АҚ жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталмаған.
Келесі аукцион 2022 жылдың 9 қарашасына белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт күн электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша тағайындалды.
Аукциондық сауда-саттық жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес (ҚР ЭМ 21.12.2017 ж. №466 бұйрығы) Министрлік аукциондық сауда-саттық кестесін қалыптастырды.
Министрлік бекіткен аукциондық сауда-саттық кестесіне сәйкес ағымдағы жылы электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаттылығы 690 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттық өткізу жоспарлануда:
- күн электр станциялары – 60 МВт;
- жел электр станциялары – 400 МВт;
- су электр станциялары – 220 МВт;
- Био ЭС - 10 МВт.