Сала жаңалықтары архивы
2022 жылғы 10 Қарашада жиынтық белгіленген қуаты 20 МВт СЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда саттық өтті
2022 жылғы 10 қарашада ҚР БЭЖ оңтүстік аймағы үшін ЖЭК бойынша жиынтық белгіленген қуаты 20 МВт күн электр станцияларын іріктеу бойынша алтыншы аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 2 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 2 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлік қуаты 10,001-ден 20 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 30,001 МВт құрады. 20 МВт СЭС жобаларын іріктеу бойынша ең аз ұсынылған аукциондық баға 16,95 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «Тесис» ЖШС (Қазақстан) анықталды. Жоба Қызылорда облысы Арал ауданының маңында, жобаның белгіленген қуаты 20 МВт-ты орналастыру жоспарлануда.
Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ және «Qazaq Green» Қауымдастығы ЗТБ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі – «ЭҚРҚО» АҚ жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Келесі аукцион жалпы белгіленген қуаты 50 МВт жел электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша 2022 жылғы 11 қарашаға тағайындалды.