Сала жаңалықтары архивы

17 қараша, 2022
485

Орталық Азияның өңірлік электр энергиясы нарығын пилоттау

1 Фото

Орталық Азияның өңірлік электр энергиясы нарығын пилоттау

 

 «ЭҚРҚО» АҚ Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ және «KAZENERGY» қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ өкілдерімен бірлесіп Дүниежүзілік банкпен техникалық кездесу өткізді

            Кездесуде тараптар келесі мәселелерді талқылады:

- Орталық Азия елдерінің ұлттық электр энергиясы нарықтарының жағдайы;

- электр жүйелерінің ерекшеліктері және олардың әртүрлі генерация және қуат құрылымдары бар;

-  электр энергиясын тұтыну көлемі;

- электр энергиясын беру желілерінің өткізу қабілеттілігі бойынша техникалық шектеулер.

Орталық Азия елдерінің су-энергетикалық ресурстарын пайдалану мәселелерінде өзара тығыз тәуелділіктің болуы атап өтілді. Сондай-ақ мемлекетаралық сауда бойынша халықаралық тәжірибе, елдер арасындағы электр энергиясы саудасының артықшылықтары қарастырылды.  

            Орталық Азияда техникалық көмек көрсету және әлеуетті дамытуға жәрдемдесу мақсатында Дүниежүзілік банк трансшекаралық сауданы дамыту жолымен пилоттық режимде өңірлік нарықты ұйымдастыруды ұсынды. Осыған байланысты ОА-да өңірлік энергия біріктіру және сауда тұжырымдамасы және пилоттық режимде Орталық Азияның Біріккен энергожүйесі өңірлік нарығын ұйымдастыру ұсынылды.

Тұжырымдама негізінде пилоттық режимде ОА өңірлік нарығы үшін әдіснамамен бір тәулікке Алға нарық моделі ұсынылды. ОА елдері үшін ұсынылған қадамдар/әрекеттер айтылды. Орталық Азия елдерінің электр энергиясы нарығын және өңірлік электр энергиясы нарығын одан әрі дамыту жөніндегі пайымдар ұсынылды. 

Ұсынылған пилоттық жоба ОА нарығын дамытуға бағытталған, орталықтандырылмаған тәсілге ие. Сондықтан, ОА өңірлік нарығы үшін толық үйлестіру талап етілмеуі тиіс, елдер өздерінің ұлттық стратегияларын қолдай алуы тиіс.