Сала жаңалықтары архивы

22 қараша, 2022
408

2022 жылғы 21 қарашада ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда саттықтардың қорытындылары жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт

1 Фото

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында ҚР БЭЖ батыс аймағы үшін ЖЭК бойынша жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт жел электр станцияларын іріктеу бойынша сегізінші аукцион өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылармен 31 баға ұсынысы берілді, жобалардың бірлік қуаты 50 МВт құрады. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 350 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 14,51 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компания анықталды:

  • «Sarkylmas Kuat» ЖШС (Гонконг) жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы 14,51 тг/кВт * сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының маңында орналастыру жоспарлануда.

Байқаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, «Ecojer» Қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар Қауымдастығы» ЗТБ, «ЭҚРҚО» АҚ өкілдері қатысты.

Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Қорытындысы бойынша аукциондық бағаның төмендеуі 32,6% құрады, бұл жақсы нәтиже болып табылады. Аукциондық сауда-саттық неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

Келесі аукцион жалпы белгіленген қуаты 50 МВт жел электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша 2022 жылғы 22 қарашаға тағайындалды.