Сала жаңалықтары архивы

23 қараша, 2022
522

2022 жылғы 23 қарашада ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда саттықтардың қорытындылары жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт

1 Фото

2022 жылғы 23 қарашада ҚР БЭЖ солтүстік аймағы үшін Жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт жел электр станцияларын іріктеу бойынша ЖЭК бойынша аукцион өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 31 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлік қуаты 15-тен 50 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 365 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 13,33 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз)құрады.

Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компания анықталды:

  • «Еврус» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы 13,33 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Астана қаласында Қорғалжын тас жолы мен Үркер кентінің тұрғын алабына жақын жерде орналастыру жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі – «ЭҚРҚО» АҚ жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Аукцион бағасының төмендеуі 38% құрады, бұл жақсы нәтиже. Аукциондық сауда-саттық неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

Келесі аукцион жалпы белгіленген қуаты 50 МВт жел электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша 2022 жылғы 24 қарашаға тағайындалды.