Сала жаңалықтары архивы

29 қараша, 2022
473

Қостанай облысында Арқалық маңында орналасқан алаң бойынша ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті

1 Фото

2022 жылғы 28 қарашада жалпы белгіленген қуаты 50 МВт жел электр станцияларын іріктеу бойынша ҚР БЭЖ солтүстік аймағы үшін ЖЭК бойынша аукцион өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа 7 компания қатысты, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 21 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлік қуаты 50 МВт құрады. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 250 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 12,97 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады .

Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компания анықталды:

  • «Aspan Energo» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы 12,97 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Қостанай облысында Арқалық қаласының маңында орналастыру жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде Энергетика министрлігінің, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының ЗТБ, Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің өкілдері қатысты,

Қорытындысы бойынша аукциондық бағаның төмендеуі 40% - хорошим құрады, бұл жақсы нәтиже болып табылады.

Жезқазған алаңы бойынша құжаттамасы бар келесі аукцион жиынтық белгіленген қуаты 100 МВт жел электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша 2022 жылғы 29 қарашаға тағайындалды.