Сала жаңалықтары архивы
Қазақстанда жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар арасында жаңадан пайдалануға берілетін генерациялау режимі маневрлі генерациялау қондырғыларын салу бойынша аукциондық сауда саттық өткізілді.
Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес сауда-саттықтың II түрі бойынша аукцион өтті. Электр қуатының дайындығын қолдау бойынша қызмет көлемі 550 МВт құрады. Шекті аукциондық бағаның шамасы айына 9 798 700 тг/МВт (ҚҚС-сыз)құрады.
Аукциондық сауда-саттыққа үш компания қатысты. Сауда сессиясын өткізу барысында өтінімдердің жиынтық көлемі 715 МВт құрады.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша іріктелген қуаттың жиынтық көлемі 550 МВт құрады. Келесі компаниялар аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы болып танылды:
- Көлемі 70 МВт «Kazakhmys Energy» ЖШС;
- Көлемі 480 МВт болатын «Алматы электр станциялары» АҚ.
Осы аукциондық сауда саттықты ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласын дамытудағы келесі қадам болып табылады.