Сала жаңалықтары архивы

14 ақпан, 2022
425

ҚР Энергетика министрі майнинг және оның Қазақстанның энергия жүйесіне әсері туралы баяндады

1 Фото
Қолданылған материалдар:

А.ж. 14 ақпанда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде майнинг және оның энергия жүйесіне әсері, электр энергиясының тапшылығы және Энергетика министрлігі қабылдаған шаралар туралы баяндады.

Брифинг барысында ведомство басшысы 2021 жылға дейін жүргізілген статистикалық талдауға сәйкес елімізде электр энергиясын тұтыну жылына орта есеппен 2%-ға өскенін, ал өткен жылы тұтыну өсімі өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 6,1%-ға артқанын атап өтті. Бұл ретте Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің оңтүстік аймағында бұл көрсеткіш 12% -ды құрады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі өзін-өзі теңгерімдеп жұмыс істеуде. Бұл ретте, ең жоғары жүктеме сағаттарында энергия жүйесінде электр қуатының тапшылығы байқалуда, бұл энергия өндіруші ұйымдар жабдықтарының авариялық тоқтатылуының жиілеуіне, сондай-ақ қосылған қуаттың күрт өсуіне байланысты. Қажеттіліктің өсуінің негізгі себебі – цифрлік майнинг субъектілерінің қызметі.

Қазіргі уақытта халық үшін  энергия шектеуге  байланысты ауыр салдарларға жол бермеу мақсатында Жүйелік оператор күнделікті негізде барлық қажетті шараларды қабылдауда. Энергетика министрлігі электр энергетикасы саласындағы кейбір нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізді.

2022 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы барысында Мемлекет басшысы Цифрлық майнингтің заңсыз жұмыс істейтін субъектілерін  анықтау  және оларға қатысты тексеру іс-шараларын жүргізу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдары электр энергиясы нарығын «көлеңкелі» цифрлық майнинг субъектілерінен тазартуға бағытталған тиісті іс-шараларды жүзеге асыруда.