Сала жаңалықтары архивы

17 мамыр, 2022
670

«Степногорск ЖЭО» ЖШС-ны жоспардан тыс тексерудің нәтижелері туралы

1 Фото
Қолданылған материалдар:

ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті сәуір айында «Степногорск ЖЭО» ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Жоспардан тыс тексеру ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес энергетикалық жабдықты пайдалануға және оның техникалық жай-күйіне қойылатын талаптардың сақталуын анықтау тұрғысынан жүргізілді.

Тексеру барысында 2020 және 2021 жылдары «Степногорск ЖЭО» ЖШС күрделі жөндеуді толық көлемде жүргізбегені анықталды. Жылу орталығы басшылығының айтуынша, жөндеу жұмыстарының мерзімін бұзудың негізгі себебі – пандемия кезінде материалдарды уақтылы жеткізбеу. Бұл кемшіліктер 2021 жылы технологиялық бұзушылықтардың көбеюіне әкеп соқты.

Сондай-ақ электр станциясының қазандықтары жұмысының сенімділігінің төмендеуіне алып келген пайдаланудағы басқа да бұзушылықтар мен олқылықтар анықталды.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша «Степногорск ЖЭО» ЖШС-ға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Нұсқаманың орындалуы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің тұрақты бақылауында.