Сала жаңалықтары архивы

26 мамыр, 2022
677

Қазақстан цифрлық тау-кен өндірісіне салық салуды күшейтпекші

1 Фото
Қолданылған материалдар:

Ағымдағы жылдың басынан бастап цифрлық тау-кен өндіру үшін тұтынылған 1 кВт/сағ электр энергиясы үшін 1 теңге көлемінде төлемақы енгізілді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келесі ұсынылып отырған өзгеріс – цифрлық тау-кен өндіру саласына салық салуды күшейту.Биылғы жылдың басынан бері цифрлық майнинг үшін тұтынылған электр энергиясының 1 кВт/сағ үшін 1 теңге көлемінде алым енгізілді. Жүктемені теңестіру, сондай-ақ тұрмыстық электр энергиясын тұтынуды болдырмау үшін сараланған тарифтер ұсынылады: электр энергиясының құны неғұрлым төмен болса, алым мөлшерлемесі соғұрлым жоғары болады», - деді Әлібек Қуантыров Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстыра отырып. .

Сонымен қатар, министр атап өткендей, жаңартылатын көздерден өз өндірісінің электр энергиясы үшін қазіргі деңгейде төмендетілген тарифтер қарастырылған.

Бұған дейін Қазақстанның табиғи ресурстарды өндіруге салық декларациясын ұлғайтуға ниетті екені хабарланған болатын.