Сала жаңалықтары архивы
Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шешімдер қабылдау бойынша комиссия отырысы
2022 жылғы 24 маусымда Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізуге байланысты шешімдер қабылдау бойынша комиссия отырысы өтті.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «ЭҚРҚО» АҚ алаңында Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларды жіберу жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Комиссия отырысына Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ЖЭК қолдау жөніндегі ЕАҚО» ЖШС, Қызылорда және Түркістан облыстары әкімдіктерінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, ҚР ҰКП Базалық өнеркәсіп және экология департаменті, «KEGOC» АҚ, «KAZENERGY» Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы» ЗТБ және «ЭҚРҚО» АҚ өкілдері қатысты.
Комиссия назарына генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықтың әлеуетті қатысушыларының өтінімдері ұсынылды. Еске сала кетсек, Энергетика министрінің бұйрығымен генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспары бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес Түркістан және Қызылорда облыстарында перспективалық учаскелер таңдалып, «ЖЭК қолдау жөніндегі ЕАҚО» ЖШС тапсырысы бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелер дайындалды.
Отырыс барысында өтініш берушілер Комиссия генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін уәкілетті органға ұсынған құжаттарын тексерді.
Отырыс қорытындысына сәйкес Комиссия аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесіне тіркелуге Қызылорда облысы бойынша екі өтініш берушіні, Түркістан облысы бойынша үш өтініш берушіні жіберу туралы шешім қабылдады.
Қызылорда бойынша генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықтың жоспарланған мерзімі - ағымдағы жылдың 13 шілдесі, Түркістан облысы бойынша - ағымдағы жылдың 15 шілдесі.