Сала жаңалықтары архивы

29 наурыз, 2023
432

ҚР Парламенті Электр энергетикасы саласындағы заң жобаларын жедел қарайды

1 Фото

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын ашты.

Мемлекет басшысы инфрақұрылымдық даму тәсілдерін қайта қарауға шақырды. Сондай-ақ, оның тапсырмасы бойынша салаға қосымша инвестициялар тартуға бағытталған электр энергетикасы нарығын дамытудың жаңа моделі әзірленіп жатқанын, сонымен бірге оның барлық қатысушылары жұмысының ашықтығын арттыратынын атап өтті.

Президент өз үндеуінде Мәжілісте электр энергетикасына қатысты заң жобалары бар екенін еске салып, депутаттық корпусқа тиісті заңнамалық өзгерістерді жедел қарауды және қабылдауды тапсырды.

Айта кету керек, 2023 жылғы 16 наурызда ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында екі заң жобасы қабылданды:

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

- «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер енгізу туралы».

Ел тарихында алғаш рет Мәжілістің қарауындағы «Жылу энергетикасы туралы» Заң қабылдануы тиіс. Осы Заң Қазақстан Республикасында жылу энергетикасы саласында жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, өткізу (жабдықтау) және тұтыну, жылумен жабдықтау жүйелерін құру, олардың жұмыс істеуі, дамуы және мемлекеттік реттеу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы елдің тұрақты инфрақұрылымдық қаңқасын қалыптастыруға бағытталған Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарды қабылдауды ұсынды. Онда инфрақұрылымдық дамудың негізгі проблемаларын көрсету және 2029 жылға дейін іске асырылатын негізгі жобаларды белгілеу қажет.

Фото: Akorda.kz