Сала жаңалықтары архивы
Алмасадам Сәтқалиев Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі Қоғам кеңесінің отырысын өткізді
2023 жылғы 23 мамырда ҚР Энергетика министрлігінде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің қатысуымен Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Отырыс барысында Министр Қоғамдық кеңеспен бірлесіп шешілуі қажет деп табылатын бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
«Бүгінгі күні Министрлік алдында бірқатар маңызды міндеттерді орындау көзделіп тұр. Атап айтқанда, мұнай-химия өнімін алу мақсатында одан әрі өңдеу үшін көмірсутек шикізатының көлемін ұлғайту, бұл ҚР аумағында түпкілікті өнім шығарумен шағын және орта бизнес кәсіпорындарын құруды қамтамасыз етеді, сонымен қатар жаңа энергетикалық қуаттарды жүргізу. Сонымен қатар ауқымды инвестицияларды тарту, энергия көздерін, оның ішінде барлық базалық және жаңартылатын энергия көздерін салу мен елдік әлеуетті барынша пайдалану, энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету қажет», - деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев.
Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Әуетаевтың Қоғамдық кеңестің атқарған жұмысы туралы есебі, сондай-ақ тауарлық газ өндіру бойынша жаңа қуаттарды енгізу, сұйытылған газ айналымын реттеу процестерін реинжинирингтеу мәселелері, энергетикалық теңгерімді есепке ала отырып, энергетика саласын одан әрі дамыту, ЖЭО аудитінің қорытындылары және т.б. мәселелері қамтылған еліміздің электр желілері бойынша 2023 жылға арналған жоспары тыңдалды.
«Қоғамдық кеңестің басты мақсаты Министрлікке нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге жәрдемдесу, өзекті мәселелерді қарау, жұртшылық пен азаматтық қоғамның пікірлерін ескере отырып, ұсынымдар әзірлеу болып табылады», - деп атап өтті Болат Әуетаев.
Сонымен қатар отырыс барысында Қазақстандық мұнай-газ кешені салалық кәсіподағының төрағасы Сұлтан Қалиев саладағы еңбек жанжалдарының кейбір мәселелері туралы, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Талғат Темірханов энергетикалық объектілердің экологиялық талаптары мен міндеттемелері туралы сөз сөйледі.
Қорытындылай келе, Энергетика министрі Қоғамдық кеңестің саладағы проблемалық мәселелерін шешудегі маңыздылығын атап өтті.