Жаңалықтар

15
мамыр,
2026
«Ашық диалог» порталында онлайн-сауалнама жүргізу туралы хабарлама
«Электр энергиясы мен қуат нарығының қазақстандық операторы»АҚ 2026 жылғы 18-29 мамыр аралығында «Ашық диалог» порталында «Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесі» тақырыбында сауалнама жүргізілетіні жөнінде хабарлайды.

12
мамыр,
2026
«Ашық диалог» порталында интернет-конференция өткізу туралы ХАБАРЛАМА!
Интернет-конференция тақырыбы: «Энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған саудасының жұмысы және тұрақтылығы»
Өтетін күні: 2026 жылғы 14 мамырда.
Өтетін уақыты: 8.30-ден 17.30-ге дейін.

06
мамыр,
2026
Құрметті әріптестер, қадірлі ер азаматтар!
«KOREM» АҚ басшылығының атынан және өз атымнан сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – ерлік пен батырлықтың, Отанға адал қызмет етудің айқын белгісі. Қай уақытта да Отан қорғау – үлкен мәртебе мен жоғары жауапкершілік. Бүгінде сіздер осы игі дәстүрді лайықты жалғастырып, компанияның дамуына және қоғам тұрақтылығын нығайтуға елеулі үлес қосып келесіздер.
Кәсібиліктеріңіз, сенімділіктеріңіз және өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, тұрақтылық және еліміздің игілігі мен «KOREM» АҚ өркендеуі жолындағы қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы А.Н. Дәрібаев

30
сәуір,
2026
Еркін аукциондық сауда-саттықтар 2026 жылғы сәуір айы бойынша сәтті аяқталды.
2026 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Оңтүстік аймағында (Алматы облысы) жалпы белгіленген қуаты 50 МВт болатын күн электр станцияларын (КЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша еркін аукциондық сауда-саттықтар өткізілді.
Еркін аукциондық сауда-саттықтар шеңберінде күн электр станциялары жобаларын іске асырудың негізгі шарттарының бірі – оларды объектінің белгіленген қуатының кемінде 30 %-ын құрайтын қуаттылығы бар және көрсетілген қуатты кемінде төрт сағат бойы беруді қамтамасыз ететін энергия сыйымдылығы бар электр энергиясын жинақтау жүйелерімен жабдықтау болып табылады.
Аукциондық сауда-саттықтарға қатысуға екі компания жіберілді. Сауда сессиясы барысында қатысушылар үш баға ұсынысын берді, ұсынылған өтінімдердің жиынтық көлемі 100 МВт-ты құрады.
Аукциондық сауда-саттықтардың қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «Энерго Транзит Групп» ЖШС танылды. Жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық баға – 34,56 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз).
Сауда-саттықтарға байқаушы ретінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы» ЗТБ және «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты. Бақылаушылар «KOREM» АҚ оператор болып табылатын электрондық сауда жүйесінің ашықтығы мен дұрыстығын растады.
Күн электр станцияларын салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукциондар 2026 жылғы 18 мамырға жоспарланған. Олар Оңтүстік аймақта (Қызылорда облысы) өткізіліп, жалпы белгіленген қуаты 65 МВт-ты құрайды.










